КЕЛЕС: ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНЫҢ БАҒАСЫ ЖҰМЫСШЫ ТОПТЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

339

Келес ауданында жанар-жағармай бекеттерінде жанармайдың жалған болдырмау фактілерінің алдын-алу және жанармайдың бөлшек сауда бағасына мониторинг жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топтың отырысы өтті.

Жиын күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы негізінде атқарылатын жұыстардың барысын пысықтау мәселесі қаралды.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 21 тамыздағы №278 бұйрығына сәйкес бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада тұрақты автожанармай құю станциялары арқылы өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығы есебімен Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин Түркістан облысында 1 литр үшін – 182 теңге мөлшерде белгіленген.

Сонымен қатар, дизель отыны 1 литр үшін Түркістан облысында Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде 1 тәулігіне 100 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 230 теңге, ал жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустарға Қазақстан Республикасында берілген көлік құралын тіркеу туралы куәлікті көрсеткен кезде 1 тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде – 1 литр үшін 230 теңге мөлшерінде көрсетілген.

Келес ауданында жалпы 18 жанар-жағармай бекеттері орналасқан. Құрылған жұмысшы топ өкілдері тұрақты түрде жағармай бағаларына мониторинг жұмыстарын жүргізетін болады.