АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАПШЫЛЫҒЫМЕН КҮРЕСТЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ ЗОР – ПРЕЗИДЕНТ

168

Мемлекет басшысы «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінде Қазақстанның астық өндірісі жайлы айтты.
«Қазақстан астық өндірісі бойынша әлемде жетінші орын алатын ел ретінде дүниежүзілік азық-түлік тапшылығымен күресте өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалануға ниетті. Біз ауған халқына гуманитарлық көмек ретінде бидай ұнын жеткізу үшін Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасымен, сондай-ақ БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Осы ретте дамушы елдерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымымен де ынтымақтаса жұмыс істеуге шақырамын», деп атап өтті Қасым-Жомарт Кемелұлы.