“ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ, ҚАЗЫНАСЫ БАР..”

397

Қазақ елі әркез аталы сөзді, баталы сөз деп ұғынған халық. Аталы сөз айтып, елді ынтымақ-бірлікке ұйыстырған ақсақалдардың қоғамдағы рөлін арттыруға серпін беруіміз керек-деді Түркістан облысы ҚХА жанындағы құрылымдардың өкілдерімен өткен жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев. Түркістан облысы ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов сүбелі сөз, салиқалы ой айтты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Бізге үш нәрсе қажет. Күшті Президент, ықпалды Парламент, есеп беретін Үкімет керек”- деген бастамасы ұнады. Президенттің тың бастамаларына қолдау танытамыз-деді Созақбай Әбдіқұлов. “Қарты бар елдің қазынасы бар” демекші, қазыналы қарттарды қоғамның бірлігіне жұмылдыра білу идеологияның игілігі болса керек.

Ерсұлтан Әмірбек, Түркістан облысы ҚХА жанындағы журналистер мен блогерлер клубының төрағасы