ҚАЗГИДРОМЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ХАБАРЛАУЫНША, 2023 ЖЫЛҒЫ 12 ШІЛДЕДЕ ШЫМКЕНТТЕ   КҮНДІЗ АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫ 40 ГРАДУСҚА ДЕЙІН КӨТЕРІЛІП, ҚАТТЫ ЫСТЫҚ КҮТІЛЕДІ. 

100

Осыған байланысты Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ыстық ауа-райында көшеде ұзақ уақыт болу  күн мен жылу соққысына әкелуі мүмкін екенін ескертеді.

 

Күн мен жылу соққысының жиі кездесетін белгілері:

— бастың айналуы;

— қатты бас ауруы;

— кейде жүрек айнуы және құсу;

— көздің қараңғылануы;

— кейбір жағдайларда мұрыннан қан кету;

— жылдам импульс;

— ентігу.

Жылу немесе күн соққысының алдын алу шаралары:

— Көшеде болуды шектеу, физикалық белсенділікті азайту қажет.

— Үй-жайларда болған кезде оларды желдетуді қамтамасыз ету қажет — желкөздерді, терезелерді ашу, желдеткіштерді немесе кондиционерлерді пайдалану.

— Көшеде міндетті түрде бас киімді (жазғы қалпақ, панама, орамал және т.б.), күннен қорғайтын көзілдіріктерді, қолшатырларды пайдалану қажет.

— Шөлдеудің алдын алу үшін көп мөлшерде сұйықтық ішу ұсынылады. Алкогольді ішуге қатаң тыйым салынады.

— Ас қорыту жүйесін шамадан тыс жүктемеу керек, сондықтан ыстық ауа-райында жеңіл тамақты аз порциялармен және бөлшектеп ішу керек.

— Жеке және қоғамдық көліктерде сапарларды шектеу керек немесе оларды таңертең немесе кешке, жылу азайған кезде жоспарлау керек.

Жүрек-қан тамырлары аурулары, метаболикалық бұзылулар, эндокриндік аурулары бар адамдар да қауіпті. Күн немесе жылу соққысының алғашқы белгілерінде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну керек!

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНА ҚОСЫМША 120 ҚОҚЫС АЛАҢШАСЫ ОРНАТЫЛУДА

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы 387 контейнерлік алаңға  биылғы  жылы  тағы 120  орынға 166 контейнерлік алаң орнатылып, жалпы саны 553 алаңға көбейтілу жоспарлануда. Қазіргі таңда жабық қоқыс алаңшаларын орнату жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

 

Бұрынғы алаңшалардан ерекшелігі мұндағы жабық алаңшалар тұрмыстық қатты қалдықтар ауа-райының қолайсыздығынан, қатты желден қоқыстардың ұшып кетуіне жол бермейді. Сондай-ақ, сыртқы көрінісі қала көркіне сай етіп жинақы дайындалған.

 

Алдағы уақытта қоқыс алаңшаларына арнайы қоқыс контейнерлері қойылатын болады.