ТҮРКІСТАН: САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ӘРКІМ ӨЗ БОЛАШАҒЫНА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ
Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауларын даярлау және өткізу мәселелері бойынша қалалық, аудандық аумақтық семинар-кеңес ұйымдастырылды.
Аталған жиын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау жөніндегі №25,26,27 округтік және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 23 округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының, қала, аудан әкімдері аппараттары басшыларының қатысуымен өтті.
Семинарда округтік сайлау комиссияларының заң талаптары деңгейінде жұмыс атқаруына қажетті инфрақұрылымдық мәселелерді шешу және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конститутциялық заңның талаптары бойынша кандидаттарды тіркеу қаралды. Оның ішінде партиялық тізімдер бойынша күнтізбелік жоспарлардың орындалуы, қаржылық қамтамасыз етілуі, сайлаушылар тізімдерінің жасақталуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беру мүмкіндіктерінің қамтамасыз етілуі мен сайлау өткізу барысындағы маңызды мәселелер көтерілді.
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ә.Е.Тұрғымбеков пен сайлау комиссиясының барлық мүшелері өздерінің жұмыс бағыттарына сай міндеттері бойынша баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.