ШЫМКЕНТ: СУСЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

297

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов инвестиция тарту мақсатында «Coca-Cola Almaty Bottlers» БК» ЖШС өкілдерімен кездесті. Осыған дейінгі өткен кездесулер барысында талқыланған ұсыныстар негізінде Шымкентте сусын зауытын салу жобасы талқыланды. Инвестицияның жалпы көлемі 27 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорын іске қосылса, 100 адамға жаңа жұмыс орны ашылады.
Бүгінде зауытты салуға Сауда-логистикалық орталығының кеңейтілуге жоспарланған аумағынан 16 га жер телімі бөлініп отыр. Онда газдалған және газдалмаған сусындар, мұздатылған шайлар мен түрлі шырындар шығарылатын болады.