«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»: 25 НЫСАННЫҢ 12-СІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БИЫЛ БАСТАЛАДЫ

231

✅Бүгін Шымкент қаласы әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша кеңес отырысы өтті.

📝«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы Маулен Айманбетов пен тиісті сала басшылырының қатысуымен өткен жиында мектеп құрылысы үшін жер телімдерін ресімдеу, инженерлік желілерді жобалау, құрылыс компанияларына қойылатын біліктілік талаптары пысықталды. Сондай-ақ, отырыста ұлттық жобаны іске асыруда жергілікті отандық материалдардың пайдаланылуы, оқушылар үшін қауіпсіз орта құру қажеттілігі ерекше атап өтілді.

🗺️Шымкент қаласы бойынша орта білім беру нысандарын салу жөнінде Жол картасы жасалады. Ұлттық жоба аясында қалада 25 мектеп салынады, биыл – 12, келесі жылы 13 ғимараттың құрылысы жүргізіледі.
Қазір қалада үш ауысымды 4 білім ошағы бар. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін ғимараттар есебінен бұл мәселе түбегейлі шешіледі.

Қала басшысы жауаптыларға салынатын ғимараттардың сапасын, өндірістік кестеге сай аяқталуын қадағалауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс жүргізілетін аумақтарды тиісті инфрақұрылым жүйелерімен қамтамассыз ету, ғимараттардың барлық талаптарға сай жабдықталуы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.
————————————-
🎓»КОМФОРТНАЯ ШКОЛА»: СТРОИТЕЛЬСТВО 12 ИЗ 25 ОБЪЕКТОВ НАЧНЕТСЯ В ЭТОМ ГОДУ

✅Сегодня под председательством акима города Шымкент М. Айтенова состоялось заседание Совета по реализации национального проекта «Комфортная школа».

📝На совещании с участием Председателя Правления АО «Samruk-Kazyna Construction»Маулена Айманбетова и руководителей соответствующих отраслей проработаны квалификационные требования к компаниям по оформлению земельных участков для строительства школ, проектированию инженерных сетей, строительству. Также на заседании было подчеркнуто использование местных отечественных материалов в реализации национального проекта, необходимость создания безопасной среды для школьников.

🗺️По городу Шымкент составляется дорожная карта по строительству объектов среднего образования. В рамках нацпроекта в городе будет построено 25 школ, в этом году – 12, в следующем-13.
Сейчас в городе 4 очага трехсменного образования. За счет вводимых в эксплуатацию зданий до конца года этот вопрос будет решен кардинально.

Глава города поручил ответственным следить за качеством строящихся зданий, за их завершением в соответствии с графиком.
Он также поставил ряд задач по обеспечению территорий на которых ведется строительство в соответствии со всеми требованиями.

#шымкент#школа#shymkent#school