1 МАМЫРҒА ДЕЙІН ӨҢІРЛЕРДІ ГАЗДАНДЫРУ БОЙЫНША ТҮПКІЛІКТІ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ТАПСЫРЫЛДЫ

185

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық және елдімекендерді газдандыру мәселелері қаралды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов аймақтарды газдандыру барысы туралы баяндама жасады. Министр «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының қуатын ұлғайтқаннан кейін «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының 2-3-ші кезеңдерін салу арқылы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыруды жүзеге асыруды ұсынды. Премьер-Министр аталған ұсыныстар бойынша түпкілікті шешімді 1 мамырға дейін қабылдауды тапсырды.
Мегаполистің даму жоспарына сәйкес былтыр елдімкендерді газдандыру мақсатында 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаладағы 81 елді мекеннің 31-і жартылай газбен қамтылмаған. Сондай-ақ 2 магистралды желі мен 8 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Жоспарға сәйкес 8 нысанның құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз газдандырылады.
Сондай-ақ Үкімет басшысы тозығы жеткен газ желілерін тұрақты бақылау қажеттігін ескертті.