«БҰЛ — МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫМ»

517

ҚР Парламенті мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы республиканың барлық өңірінде қарқынды өтіп жатыр. Өңіріміздегі іргелі ЖОО-ның бірі ОҚМПУ-дің студенттері де өз таңдауларын жасап жатыр.

Әл-Фараби ауданында орналасқан №98 сайлау учаскесінің сайлаушысы, болашақ биолог Ақерке Тұрғынбек алғаш рет саяси науқанға қатысып отыр.

— Бұл — менің алғашқы сайлауым. Түркістан облысы Түлкібас ауданының тумасымын. 18 жасқа толып, сайлауға қатысу құқығына жеткеніме қуаныштымын. Жастар — еліміздің болашағын қалыптастырушы буын. Сондықтан партиялардың сайлауалды бағдарламаларымен танысып, өз таңдауымды жасадым. Себебі, біздің таңдауымыз — еліміздің ертеңі үшін өте маңызды. Әрқайсысымыз еліміздің жарқын болашағы үшін үлкен жауапкершілік танытқанымыз абзал. Сайлауда белсенділік таныту арқылы еліміздің дамуына кішкентай болса да үлес қостым деп есептеймін, — дейді ОҚМПУ 1 курс студенті Ақерке Біржанқызы.

Айта кетейік, ОҚМПУ орналасқан №98 сайлау учаскесінде 2100 сайлаушы тіркелген. Олардың қатарында Әл-Фараби ауданының аумақтағы тұрғындары мен ОҚМПУ студенттері бар.