ЫНТЫМАҚТА САЙЛАУШЫЛАР НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

196

Абай ауданы Ынтымақ шағынауданының сайлаушыларының көңіл-күйі көтеріңкі. Елді мекенде балалар ұлттық ойын түрлерінен бәсекеге түсіп, ұлттық тағамдардан дәм татуда. Алдымен таң азанымен тұрғындар №54 мектеп ғимаратындағы №51 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауларын жасап үлгерді.

Сайлау тек саяси науқан емес, бұл күні мереке деуге болады. Мұнда елдің жарқын болашағымен қатар бірлігі мен татулығы, ынтымағы жатыр, дейді аудан тұрғындары.
Сайлаушыларға ұсынылған концерттік бағдарламағы орындалған ән-күйлер оларды рухтандырды деуге болады. Ұлттық ойындардан өткен жарыста орын алған жеңімпаздардың мәртебесін асқақтатып, аға буын ақ батасын берді.