«БАЛАЛАРЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАДЫМ»

195

Елімізде өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында Шымкент қаласындағы №164 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасауға келген сайлаушылардың қарасы қалың болды. Жауапты мамандардың мәліметінше, сайлау учаскесінде 2296 сайлаушы тіркелген. Таңғы жетіден бері сайлаушылардың басым бөлігі дауыс беріп үлгерген.

Сайлаушылардың бірі көп балалы ана Ғазиза Исматова науқанға отбасымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Балаларымның болашағы үшін дауыс бердім деген көп балалы ана өз пікірін білдірді.
–Халық осы жолғы сайлаудан үлкен үміт күтеді. Өйткені, жаңа депуттаттар, жаңа партиялар келіп жатыр. Отбасыммен келіп дауыс беруіміз еліміздің жарқын болашағына жасалынған қадам деп білемін. Қазақстанның әр азаматы науқаннан тыс қалмай, белсенділік танытуы керек. Сайлау әділ өтіп, қашан да еліміздің болашағының жарқын болатынына, келешегінің кемел болатынына сенімдіміз, — дейді көпбалалы ана.