ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЕГІЗДЕР ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІ

168

Кентау қаласы Байылдыр ауылының тұрғындары, ағайынды егіздер Нұрдәулет пен Бақдәулет өз мекен-жайларымен тіркелген 48-ші сайлау учаскесінде болып, өз таңдауларын жасады.

Дәл осы секілді егіздер, Кентау қаласының тұрғындары Индира мен Гүлмира №35-ші сайлау учаскесіне келіп, сенім артқан үміткерлеріне дауыс берді.

«Мемлекетіміздің даму жолында жасап жатқан игі істерді қолдаймыз. Біз бақытты ұрпақпыз. Алда Жаңа Қазақстанды құру бастамасы үлкен белестерге апаратынына сенеміз» деп, жерлестерін маңызды сәтті жібермей, таңдау жасауға шақырды. Байылдыр ауылында бір ғана №48 сайлау учаскесі қызмет етуде. Онда 847 сайлаушы тіркелген.

Нұрдәулет пен Бақдәулет М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 1-ші курс студенттері. Болашақта табиғатты қорғау саласында қызмет етпек. Ал Индира мен Гүлмира бес және алты баланың анасы. Еліміздегі демократияға өз үлестерін қосып жүрген көпбалалы аналар, мемлекеттік салада қызмет атқарады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі