ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН ШЕШІЛГЕН ІСТЕР САНЫ 49 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

136

Түркістан облысында жыл басынан бері 6 ай ішінде 1074 қылмыстық іс қаралған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,9%-ға кеміген. Бұл жайында Түркістан облыстық сотының қылмыстық істері жөніндегі сот алқа төрағасының м.а. Талғат Оңғарбаев брифингте мәлімдеді. Сонымен қатар, Түркістан облысы соттарымен 2024 жылдың 6 айында жалпы 20 549 іс қаралған, бұл былтырғыға қарағанда 41,2%-ға көбейгенін көрсетеді. Бұл жайында облыстық соттың әкімшілік істері жөніндегі сот алқасы судьясы Бүркіт Байдуллаев айтты.

Сондай-ақ, өңірде азаматтық істер бойынша 13 605 арыз түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда 14,8%-ға артқан. Оның ішінде 12 203 азаматтық істің өндірісі аяқталғанын баяндады Түркістан облыстық сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрлан Биболов. Сонымен қатар, спикер татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша да біршама алға жылжу бар екенін айтты. Дәлірек айтсақ, биылғы жылы 2298 іс осы рәсім арқылы аяқталған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 49%-ға артқан.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі