ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ДІНИ-АҚПАРАТТЫҚ ШАБУЫЛДАР
Түркістан облысы Жетісай аудандық «Нұғман» мешітінде ауданға қарасты мешіт имамдарының қатысуымен семинар-кездесу болып өтті. Семинарға Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог-маманы Б.Шаймерден қатысып, аталмыш тақырыпта баяндама жасады.
Кездесу барысында теолог маман еліміз аумағында әрекет етуіне тыйым салынған діни топтар мен уағызшылар жайлы кеңінен тоқталып, ұлтаралық және дінаралық алауыздықты тудыруға себеп болған уағыздары бойынша мәлімет берді. Сонымен қатар, ҚРӘҚБК 490 және 453 баптары бойынша қосымша ақпаратты жеткізіп, заңсыз миссионерлік қызметпен шұғылданудың соңы әкімшілік жауапкершілікке апаратындығын ескертті. Семинар соңында имамдар тарапынан сауал қойылып, тұшымды жауап берілді.