АУДАН ӘКІМІ ҮШҚАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

278

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбеков 2022 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстарымен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп тапсырма берген болатын.

Үшқайық ауылдық округіне барған аудан әкімі Ғани Құрмашұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап өтті. Сонымен қатар, бұған дейін 3-ші тоқсанда өткен кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Үшқайық ауылдық округіндегі бүгінгі басты мәселе ауыз су екенін, оның шешу жолдары туралы айтып өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, ауылдық округтегі елді мекендердегі ауыз су, С.Қожанов елді мекеніне мектеп салу, көшелерді асфальттау, спорт алаңын салу, ауылға дәрігердің тапшы екенін, тағы да басқа көптеген өзекті мәселелерді алға тартты. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Ғ.Құрмашұлы барлық сұрақтарға нақты толымды жауап берді.

Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі