ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

366

Елімізде жайылымның жетіспеуі – ауыл шаруашылығы саласы үшін өзекті мәселе. Осыған орай Мемлекет басшысы пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы және  басқа да мақсаттарға арналған жерлерге кешенді мониторинг жүргізу бойынша жұмыс тобы құрылған болатын. Арнайы құрылған жұмыс тобының мониторинг жұмыстары жалғасады. Бұл бағыт бойынша бос жер телімдері анықталған жағдайда мемлекет теңгеріміне алынады.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы және құзырлы органдар бірлескен жұмыс тобы мониторинг жүргізіп, нәтижесінде бірқатар елді мекендердегі жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Атап айтқанда, Ынтымақ шағын ауданы аумағынан 15,73 га. және 24,15 га. бос жер учаскесі Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына тұрақты жер пайдалану құқығымен рәсімделді.

Сондай-ақ, Әл-Фараби аудандық сотының шешіміне сәйкес 6 жер учаскесін (жалпы алаңы 1,875 га) мемлекеттік меншікке алу шешімі шыққан. Осы шешім негізінде игерілмеген бос жерлер мемлекетке қайтарылды.

Бұдан бөлек, Шымкент қалалық жер комиссиясында анықталғандай 9 жер учаскесінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Бүгінде жалпы алаңы 14,34 гектар жерді басқармаға рәсімдеу жұмыстары әзірленіп жатыр.

Айта кетейік, арнайы құрылған жұмыс тобының мониторинг жұмыстары жалғасады. Бұл бағыт бойынша бос жер телімдері анықталған жағдайда мемлекет теңгеріміне алынады.

Жыл басынан бері елімізде пайдаланылмай жатқан 1,5 млн гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Ал жайылым тапшылығы 29 млн гектардан 8,8 млн гектарға қысқырған. Сонымен қатар, 11 мың үлескер өздеріне тиесілі 500 гектардан астам жерді қайтарған.