МЫҢ ТАҒЗЫМ САҒАН, АРДАГЕР!

109

Әл-Фараби ауданы тұрғыны Мосунова Нина Егоровна 1924 жылы 9 наурызда Татарстанның Урустамак елді мекенінде дүниеге келген. 1942 жыл қазан айында әскерге өз еркімен алынды. Казань қаласында телеграфист мамандығын алып, Горький қаласына ауысты. 1943 жылы Можайск маңындағы соғысқа пулеметші болып қатысты. 1948 жылы ол Қазақстанға, Шымкент қаласына көшіп келді. 1948-1955 жылдары қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімінде қызмет атқарды. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған.
2 немере, 5 шөбересі бар.