ЕРЛІКТЕРІ – ЕЛ ЕСІНДЕ МӘҢГІЛІК САҚТАЛАДЫ!

147

«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Ассамблея мүшелеры,Шымкент қаласы Этно мәдені қоғам бірлестігі торағалары ,,AMANAT “ партиясы мүшелеры,
мегаполисте тұратын ҰОС ардагерлерінің үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.
ҰОС ардагері Қазбаев Абылай атамыз жастайынан соғысқа аттанып, Харьков, Ворошилов Украина майданында Севастопольде, Латвия, Литва, Кенигсбергдегі шайхастарға қатысып, Берлинде жеңісті қарсы алған. Майдангер зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі болған. 1945 жылы 1-мамырда Кенигсберг қаласын азат етуші жауынгерлер сапында болған. Елге оралып, қорғасын зауытында темір-ұсташы, машинист-қазаншы болып қызмет еткен.
Қазіргі таңда Абылай атамыз немере-шөбере сүйіп, ғасыр жасап, өмірдің ащы-тұщысын көрген ардагер ретінде жас ұрпаққа ақылы мен өсиетін айтып, партияластарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
«Бүгінгі таңда Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан үш ардагер бар. Біздің парызымыз қала ардагерлеріне барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау.