ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІҢ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
🔹Құрметті қала тұрғындары! Ардақты ардагерлер!
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
🔹Бұл күн бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін қолға қару алып, қан майданда жауға қарсы жанкештілікпен шапқыншылық жасаған ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі мен батырлығына тағзым ететін қастерлі күн!
🔹Отан үшін отқа түсіп, аман қайтқан майдагерлеріміздің алдында бас иеміз!
Дегенмен, уақыт өз дегеніне жетеді. Жыл өткен сайын Жеңісті жақындатқан ардагерлеріміз бен тылда тер төккен еңбеккерлеріміздің қатары сиреп барады.
🔹Қаламызда бүгінде небәрі 3 соғыс ардагері және 2183 тыл ардагері тұрады.
🔹Жеңіс сыйлаған майдангерлерімізге құрмет көрсетіп, қамқорлық жасау, көңілін аулап, қас-қабағын бағу — біздің азаматтық борышымыз!
🔹Себебі, өскелең ұрпақ аға буынның қаһармандығы пен қайтпас қайсарлығын үлгі тұтып, болашаққа бет түзейді.
🔹Қадірменді соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, құрметті шымкенттіктер!
🔹Сіздерді Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ та бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға бақ-береке мен ынтымақ тілеймін!