“АВТОБУС” ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Қазығұрт ауданы тұрғындары мен қонақтары назарына 2023 жылдың 03 мамыр мен 05 мамыр аралығында»Автобус » жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.Полиция қызметкерлері адам тасымалдайтын көлік құралдарын жолға шыққанға дейінгі техникалық жай-күйін тексеріп, жүргізушілердің тіркеу құжаттары, көлік басқарудағы стандарттар мен талаптардың бұзылғанын анықтау мақсатында жұмыстар атқарылуда.
Қоғамдық көліктердің заңсыз жабдықталуы қатаң тексеріліп, ережеге сай келмейтіндері жұмысқа жіберілмейді және де тиісті шара көрілетінін ескертеміз.