ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ НАЗАРЫНА!!!

172

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып қылмыстар мен құқық бұзушылардың алдын алу мақсатында, 2023 жылғы сәуір айының 10-нан бастап республика аумағында халықтан бұрын соңды ішкі істер оргындарында тіркелмеген заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

Осыған байланысты азаматтар өздерінде ішкі істер оргындарында тіркелмеген заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды ақшалай сыйақыға тапсыруға ниет білдірген жағдайда аудандық полиция бөлімшесіне арыз береді, онда өзінің деректерін, тапсырылғын қару-жарақ жарылғыш заттардың атауын, қарудың маркасы, калибірін, нөмірін, оқ-дәрілерінің санын көрсетеді.

Тапсырылған қаруға және оқ-дәрілерге сыйақы белгілеу қарудың техникалық жай-күйін ескере ортырып, төменде кестеде көрсетілген мөлшерге сәйкес сыйақы төленеді:

Тапсырылған қаруға және оқ-дәрілерге сыйақы белгілеу мөлшері.

Ескерту: -Сыйақы төлеу тәртібі банктен ашылған жеке шотына аудару арқылы жүзеге асырылады:

-Сыйақы алуға қару жарақ өткізуге ниет білдірген азаматтар, мына құжаттарды тапсырады: қаруды өткізу жөнінде арыз, жеке куәлік

және банктен ашылған жеке есеп шоты.

-Азаматтар өз еркімен қару-жарақ заттарын өткізген жағдайда ол қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Қосымша ақпараттарды Қазығұрт аудандық полиция бөлімінен, жергілікті учаскелік полиция инспекторларынан және телефон арқылы алуға болады

(байланыс телефоны 102 2-12-46; +7702-063-14-26)

Жоғарыдағыларды ескере отырып, бұрыннан қалған ішкі істер органдарында тіркелмеген қару-жарақ заттарын өз еркілеріңізбен ішкі істер органдарына тапсыруларыңызды сұраймыз.

Қазығұрт АПБ ӘПБ ӘШК инспекторы

полиция майоры Н. Сеңгірбаев