ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ І-ТОҚСАНДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

375

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында полиция қызметкерлерінің 2023 жылдың 3 айында атқарған жұмыстарының қорытындысын талқылау бойынша жедел кеңес отырысы өткізілді. Жедел кеңеске Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов төрағалық етті.

Іс-шара барысында Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі М. Алтынбеков, тергеу жөніндегі орынбасары Б. Елікбаев,жедел қызмет жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Н. Бейсенов пен кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Н. Нарбаев, өз салалары бойынша атқарған жұмыстарын баяндады. Сондай-ақ жеке құрамға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Өз кезегінде полиция полковнигі Қ.Сахов әр сала бойынша жіберілген кемшіліктерге тоқталып, оны жою бойынша алдағы уақытта жасалу керек жұмыстарды нақтылап, тапсырмалар берді.