ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ АПАТЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

175

Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлерінің бастамасымен

жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оның зардаптарының ауырлығын төмендету мақсатында, тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелері түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шара Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Б.Айтпаевтың төрағалығымен Сауран, Созақ аудандарында өткізілді.

Кездесуде Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Тастанбеков пен Сауран, Созақ аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары баяндама жасады.

Айта кетсек, 2023 жылдың І-тоқсан қорытындысы бойынша облыс аумағында 127 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 50 адам қаза тауып, 139 адам түрлі жарақат алған.

Мұндай оқиғалардың негізгі себептері жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, автокөлікті мас күйінде басқару, көлікті басқару құқығы жоқ кәмелетке толмағандарға беру, сондай-ақ жол бойында төрт түліктің қараусыз жайылуы.

Осылайша аталған жиында.тұрғындарға жол-көлік оқиғаларының себептері мен статистикалық мәліметі жеткізілді. Сондай-ақ тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың срңы қандай да бір орны толмас салдарға әкеп соғуы мүмкін екендігі айтылды.

Осы ретте полиция тарапынан азаматтарға жолдарда мұқият болу қажеттігі ескертіліп, оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырды.

Мұндай іс-шаралар Түркістан облысының барлық аудандарында учаскелік полиция инспекторларының халық алдында есеп беру кездесулері шеңберінде өткізілетін болады.