МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕЛЕР АКЦИЯ АЯСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУДЫ БАСТАП КЕТТІ

70

Түркістан қаласында мемлекеттік мекемелер акция аясында өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын бастап кетті.

Бүгін қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімінің» қызметкерлері бірігіп, мекеме аумағында гүл көшеттерін екті.

Бөлім басшысы Мұхит Көшеновтің айтуынша, аталған шара Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған «Таза Қазақстан» эко-акциясы аясында жүзеге асқан. Сонымен қоса, көгалдандыру жұмыстары мекемеден қызмет алушыларға жайлы жағдай жасап, экологияны жақсартуға, тұрғындар арасында қала тазалығы мәдениетін дәріптеу мақсатында жүзеге асқан.

Айта кетейік, Түркістанда бүгін «Таза Қазақстан» эко- акциясының «Жасыл Аймақ» апталығы басталды. Апталық барысында шаһарда оқу орындары, медицина мекемелері мен сектор тұрғындары өз аулаларын абаттандырып, ағаш, гүл көшеттерін егуді жоспарлауда.