ПОЛИЦЕЙЛЕР «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ШАРАСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

128

Түркістан облысында ағымдағы жылдың 26-28 сәуір күндері аралығында құқықтық тәртіпті сақтауға, қоғамдық орындар мен көшелердегі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзудың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша полицейлер 67 қылмыс пен бұрын жасалған 6 қылмысты ашты. Есірткі құралдарын сақтаудың 8 дерегі мен есірткілік мас халде көлік жүргізген 2 жүргізушіні анықтады.

Сонымен қатар полицейлер 4300-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтап, тиісті жауапкершілігін қарады. Оның ішінде 254-і ұсақ бұзақылық болса, алкоголь ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болумен 256 жайт, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуы бойынша 81 дерегі, автокөлікті мас халде басқарудың 25 жайты, қарсы жолаққа шығудың 18 дерегі бойынша әкімшілік шара көрілді.

Полицейлер атап өткендей, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі осындай алдын алу іс-шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.