ІШІМДІКТЕН БАС ТАРТЫП, ІЗГІЛІККЕ БЕТ БҰРҒАН АУЫЛ

581

Ордабасы ауданында «Ішімдіксіз ауыл» акциясы Жусансай, Аққойлы ауылдарынан бастау алып, Төреарық елді-мекенінде жалғасын табуда. Ішімдіксіз өмір салтын қалыптастыру мақсатында ауыл ақсақалдары мен билері бастама көтеріп кейінгі буынға үлгі болсын деген ниетпен ішімдіктен және оны ауылда сатудан бас тартып, жеке кәсіп иелері қолдау білдірген.

«Ішімдіктен бас тартып, ізгілікке бет бұрған ауыл» тақырыбында Қараспан ауыл округіне қарасты Төреарық ауылы тұрғындарының жиынына Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Есенбекұлы Айтпаев және аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев қатысып, ауыл тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірді.

Аудандық полиция бөлімі мұрындық болған бұл шара өзге ауыл округтерінде де жалғасын табады деген үміттеміз.