“КӨРКЕМ МІНЕЗ КІМДЕ БАР?..”

682

Көркем мінез кімде бар? Дәл солай іздесеңіз Шымкентті шыр айналып керегі жоқ! Шапқылап, шаршамаңыз. Көркем мінез, көрікті қызды көргіңіз келсе, ойбай-ау, ойланбастан “Гороноға” бет түзеңіз. Әрі сол сұлуды көресіз, әрі туған күніне тап боласыз…. Иә, солай… Бүгін ұлағатты ұстазы, Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Текебаева Айгүл Қалыбайқызының туған күні! Ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткен Айгүл Қалыбайқызының шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі ерен! Үшінші мегаполистің білім саласына береке дарытқан қайсар басшы Жанат Арысбекқызының жанынан табылып, ілкімді істерді бірге атқарып жүрган мейірімді жан! Білім саласында жылдан бепі басшылық қызметте жүрген ол, іскер басшы, ұтқыр ұйымдастырушы, туралықты сүйетін әділдігімен дараланып жүрген дара ұстаз! Өн бойындағы өзіне тән көркем мінезбен көріктілік, сыпайы сыйластық пен сұлу сымбаттылық, шуақ шашар нұрлы мейірімділігіне шынайы сүйіспеншілікпен қарайтынымыз рас!
Жас буын ұстаздарға өнеге мен тәлім берерлік адами қасиетін биік тұтамын! Айтпақшы, Айгүл ханымды не үшін жақсы көретінімді айтайын ба? Журналистің жары болғаны үшін де емес, Дархан баламның жақсы көргені үшін де емес, ҰСТАЗ деген келісті келбетті қалыптастыра білгені үшін де керемет жақсы көрем! Ұлымның аузынан тастамайтын Айгүл апайы осы ғой. Көрер қуанышыңыз көп болсын Айгүл апай! Алла Сіздің ақ пейіл, адал қасиетіңізге
лайық мол несібе бергей! Туған күніңізбен!
Ізгі тілекпен: Ерсұлтан Әмірбек