Ақмарал Ғаниқызы: ”АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІН ЖАТҚА АЙТАТЫН АЛЕКСАНДРА..”

747

 

Түркістан қаласындағы «Славян этно-мәдени орталығын» естігенде, ең алғаш есімізге Пудовкина Александра Николаевна түседі. Қаланың қоғамдық жұмысына белсене араласатын Александра Николаевна бүгінде — Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек жолын сонау 1989 жылдан «Сказка» балабақшасында музыка маманы болып бастап, 2002 жылы Славян мәдени орталығы төрағасының орынбасары болды. Ал, 2019 жылдан бастап Түркістан облысының «Славян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі ретінде белсенділік танытып келеді.

«Еңбек» десе ерінбейтін Александра бірнеше марапаттардың иегері. Мектептен бастап қалалық, облыстық білім басқармаларының дипломдары, қала, облыс әкімдерінің Алғыс хаттарын алған. 2016 жыл — «Шығармашылық, тәжірибелі мұғалім» медалімен наградталса, 2017 жыл — Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы Алғыс хатымен марапатталған. Ал, 2017 жыл — «Шығармашылық тәжірибелі мұғалім» медалін кеудесіне тақты. Әдебиетке жаны құмар ұстаз Мәскеудегі Пушкин атындағы ХІХ Халықаралық байқауға қатысып, сертификатын еншілеген. Одан бөлек, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Осындай марапаты мол ұстаздан кейінгі буынның алары да көп. Үнемі позитивке толы оның болмысы білек сыбана атқарған жұмыстың нәтижелі боларын меңзейтіндей.

Түркістан облысы