“ЖАҚСЫ АДАМ, ЖАҚСЫ АҒАМ…”

1184


Әр әкімнің жұмыс істеу тәсілі бар. Сөзбен орақ оратын әкімдер бар, үндемей-ақ, үлкен іс бітіретін әкімдер бар. Өмірде көп адамға шарапаты тиген жақсы әкімнің бірі-Өмірзақ Әмет! Ол, сөздің емес, істің адамы. Елге іскерлігімен танылған әкімнің бірі болды. Ордабасыда әкім боп жүріп, заманауи үлгідегі аудандық аурухананы салдыруға бастамашы болды. Темірланға Мұхтар Әлиевті шақыртып, шарапаты тигенін несіне жасврамыз. Түркістанның 1500 жылдық мерейтойын өткізуге белсене атсалысты. Сансыз баптар мекені Сайрамда “Яссы” футбол командасын құрды. Шымкентте де әкім болды. Шымкентте тақыр жерден 415 үй салғызып, “Достық” шағын ауданының іргетасын қалады. Бюджеттен бір тиында жұмсамай, демеушілер тартты. Және сол 415 үйді шын мұқтаж жандарға берді. Қазіргі уақытта сол аялай ғана “Достық” шағын ауданы үп-үлкен тұрғын алабына айналды. Келген әкімдерді мақтай бермей, бір-ауық қызметтен кеткен әкімдердің еңбегін естен шығармаған жөн шығар. Айтпақшы, Өмірзақ Әмет ағамыз 2000 жылдары журналист Қалыбек Атжанның еңбегін елеп, журналистер арасында тұңғыш боп оған Түркістан қаласының “Құрметті азаматы” атағын беріп, бекзаттық танытқаны әлі есте. Жақсы адам-жақсы ағаммен жан семіртер жарты сағат жадыраңқы әңгіме болды. “Жол-жөнекей” жақсы адаммен жүздесіп, жақсы ағаға сәлем берген де жақсы ғой.

Ерсұлтан Әмірбек,

Журналист