ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА «АВТОБУС» ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

89

Ағымдағы жылдың 3-5 мамыр аралығында Түркістан облысының аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын қоғамдық көлік жүргізушілері арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және көлік тәртібін арттыруға бағытталған «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Ордабасы ауданының полицейлері рейд барысында 10 астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Олардың ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша 5 жайт, 590-бабы 7-тармағы «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша 4 дерек және ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы «Көлік құралын телефонды не радиостанцияны басқару кезінде жүргізушіні пайдалану» бойынша 3 жайтқа әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары қоғамдық көлік құралдарының санитарлық және техникалық жай-күйін, оның ішінде заңсыз қайта жабдықтау фактілерін және т. б. тексеруде.

Өз кезегінде полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға және жолдардағы жылдамдықты асырмауға кеңес береді.