“АВТОБУС” ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТІЛУДЕ

188

Түркістан облысы Полиция департаментінің нұсқамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Индустриялық даму министрлігінің Түркістан облысы, Төлеби ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Төлеби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және басқа да қоғамдық өкілдерінің қатысуымен бірлескен Төлеби ауданының аумағында ағымдағы жылдың мамыр айының 03-05 күндері аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтілуде. Іс-шараның мақсаты аудан аумағында қоғамдық көліктермен жасалатын жол көлік оқиғаларының, құқықбұзушылықтың алдын алу және автомобиль жолдарында жолаушылармен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру болып табылады. Іс-шара барысында жол көлік оқиғаларын, оның ішінде көлікті мас күйде басқару, қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыру және басып озу, қарсы бағытқа шығу, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдеріннен өту жәйіттарының алдын алу болып табылады.