ОТЫРАРЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ГҮЛ ШОҚТАРЫН ҚОЮ РӘСІМІН ӨТКІЗДІ

123

«Отан қорғаушылар күні» мен «Жеңіс күні» мерекесі аясында, Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Батыр бабалар» аллеясында аудандық әкімдік өкілдерімен бірлесіп, ҰОС ардагерлері, Кеңес Одағының батырлары Т.Ибрагимов пен С.Ашировтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді. Бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті.

Сондай-ақ Отырар ауданының әкімі А.Сұлтанханов қатысушыларды мерекемен құттықтап, тәртіп сақшылары мен бірқатар мекемелердің басшыларын грамота, алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар Отырар АПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі М.Бөрібеков қызметтік міндеттерін адал орындағаны және жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 12 полиция қызметкерін марапаттады.