ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІНДЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ САНЫ АЗАЙҒАН

299

Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен 2023 жылдың 3 айында атқарған жедел-қызметтік жұмысын қорытындылау мақсатында Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаев төрағалығымен жедел-кеңес өткізілді.

Есептік жиында Ордабасы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарлары Б.Маханбетов, Р.Мейрбеков, Б.Сыдыков баяндама жасады. Анықталғандай, ағымдағы жылдың 3 айында ауданда жалпы қылмыс — 28,9 %-ға төмендеп, ашылуы 92,3%-ды құраған.

Ағымдағы жылдың І тоқсанында жүргізілген «Мигрант»,«Қауіпсіз жол», «Түнгі қала» «Құқықтық тәртіп», «Абайлаңыз,балалар!»,«Уылдырық», «Борышкер» және т.б жедел профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қоғамдық орында, мас халде жасалған қылмыстар азайып, жол көлік оқиғасы — 18,2%-ға төмендеген.

Жиын соңында, А. Айтпаев ҚР ІІМ Министрі М.Ахметжановтың, Түркістан облысы ПД бастығы М.Қабденовтің талап-тілектерін жеткізіп, жеке құрам қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қылмыс пен құқықбұзушылық, мал ұрлығы, отбасы-тұрмыстық саладағы қақтығыстарды болдырмау мақсатында жұмысты жандандыруды тапсырды.