САЙРАМ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС 36,1%-ҒА ТӨМЕНДЕГЕН

386

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбековтың төрағалығымен, Сайрам аудандық полиция басқармасында жыл басынан бері атқарылған жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Жиын барысында басқарма бастығы орынбасарларының есептері тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Осы ретте айта кетсек, аудан бойынша тіркелген қылмыс өткен жылмен салыстырғанда, 4,7%-ға төмендеген. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыс 36,1%-ға, көшеде жасалған қылмыс 14,2%-ға азайған. Құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жергілікті полиция қызметімен жалпы 5095 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Кеңесті қорытындылаған полиция полковнигі А.Қалдарбеков, ҚР ІІМ, ПД басшылығының негізгі талаптары мен тапсырмаларын жеке құрамға жеткізді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, әрдайым халыққа жақын, ашық болуға ескертті. Алдағы кезеңге арналған міндеттерді айқындап, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша нұсқаулар берді.

Өз кезегінде басқарма бастығы полиция полковнигі Б.Зиятаев, алдағы уақытта берілген нұсқаулар мен тапсырмалар толығымен орындалып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде басым бағыттар жауапкершілікпен атқарылатынына сенім білдірді.