ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 3 АЙДА 2300-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

165

Жетісай аудандық полиция бөлімінің І-тоқсандық қорытынды жиналысына Түркістан облысы ПД Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Сейітхан төрағалық етті.

Есеп беру жиынында полиция бөлімі басшының бірінші орынбасары полиция майоры Марат Қадырқұлов, полиция полковнигі Сәкен Джайлыбаев, полиция подполковнигі Қуаныш Құлмырзаев, полиция капитаны Мейрхан Құрбанбаевтар өз салалары бойынша жеке құраммен атқарылған жұмыстарын жеткізді.

Анықталғандай, тергеу саласында 2023 жылдың 3 айында 214 қылмыстық іс тіркеліп, оның 130-ы өндірістен аяқталған. Айыптау актісімен 69 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қоғамдық орында жасалған қылмыс 34%-ға, көшеде жасалған қылмыс 20%-ға төмендеген. Жалпы 2366 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, салынған айыппұлдардың өндіру пайызы 68,9% құрады. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтың 188-іне ескерту шарасы қолданылған.

Жетісайлық полицейлердің 3 айда атқарған жұмысын тыңдап, қорытындылаған полиция полковнигі С.Сейітхан, «жұртқа жақын полиция қағидаты» бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды. Халықтың амандығы мен қауіпсіздігі жолында қарқынды қызмет етуге шақырды.