МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА АУЫР ЖӘНЕ АСА АУЫР ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ АШЫЛЫМЫ ЖАҚСАРҒАН
Мақтаарал аудандық полиция бөлімінде Түркістан облысы ПД Штаб басқармасының бастығы полиция полковнигі С.Сейітханның қатысуымен, 2023 жылдың 3 ай көлемінде атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша жиын өтті.
Жыл басынан бері аудан полицейлерімен Ел Президенті мен Үкіметінің, ІІМ-нің, Түркістан облысы ПД мен жергілікті Үкімет органдарының нұсқаулық құжаттарын орындауға ерекше назар аударылып келеді. Осы бағытта жүзеге асырылған шаралар нәтижесінде жалпы ауыр және аса ауыр қылмыстардың тіркелімі 54,8%-ға төмендеген. Ал ашылымы 92,3%-ға жақсарған. Алаяқтық қылмысының тіркелуі 14,7%-ға төмендеп, ашылымы 85,7%-ға жақсарған.
Есептік жиында Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қасымхан Сатыбалдиев баяндама жасап: «Біздің полицейлермен қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі рейдтік-профилактикалық шаралар атқарылуда.
Мәселен жыл басынан бері аудан аумағында экстремистік бағыт бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп, есепте тұратын 57 деструктивті діни ағым ұстанушыларына қатысты 8 әкімшілік хаттама толтырылды. 3 айда 2452 әкімшілік құқық бұзушылыққа хаттама толтырылып, өндірілу пайызы 51,5-ті құрады.
Сонымен қатар Мақтаарал ауданы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылып, жарғысы, жоспары бекітіліп, жұмыс жүргізілуде»-деп атап өтті.