ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРІ ЖИҺАЗ ЦЕХЫНДАҒЫ ӨРТТІ СӨНДІРДІ

265

2023 жылғы 25 сәуірде сағат 17:57-де Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші-диспетчерлік қызметінің басқару пультіне Ақсукент ауылында жиһаз цехының өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде Ақсукент ауылы мекенжайындағы жеке тұрғын үйдің аумағында жеке бір қабатты жиһаз шеберханасынан өрт шыққаны анықталды. Өрт аумағы 84 шаршы метрді құрады.
Өрт 18:30-да оқшауланып, 19:17-де толығымен сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 25 қызметкері мен 7 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді. Тұрмыстық өрттерде жиі кездесетін себептердің бірі — отты абайсызда пайдалану болып табылады.

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі