ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ-2023 ЕРЕКШЕ СЕРПІН БЕРДІ
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты маңызды құжатта осыған дейін жүзеге асқан жұмыстар қорытындыланып, алдағы жаңа мақсат-міндеттер нақтыланды.
Жолдау көптің көңілінде жүрген ойларға қозғау салды. Мемлекет басшысы өз сөзінде:
«Осы орайда халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер еткен кейбір шараларды атап өткім келеді. Мысалы, 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы екі есе өсті. Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндік берілді. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр», – деді.
Әрине, бүгінде медицина саласы қызметкерлерінің айлық жалақысы көтерілді. Жауапкершіліктің жүгіде ауырлады. Салаға қызығушылық танытатындар көбейіп, нағыз өз ісінің мамандары жұмысқа орналаса бастады. Бұл Жолдау жүгінің реформаға әкелгенін көрсетіп отыр.
Сондай-ақ шағын ауылдарда медицина нысандары да бой түзеп отыр. Өңірімізде де бұл жұмыстар жалғасын табуда.
Орамды ойлар айтылған кезекті сессияда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді дамудың даңғыл жолына бастап баратқанын аңғаруға болады. Түлкібас аудандық орталық аурухана ұжымы Президент Жолдауын қуаттап, қолдайды.
Жанат ТОҒАЙБЕКОВА,
Түлкібас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.