ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОБЫ ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОБЫ МҮШЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

91

2023 жылғы 12 мамыр күні Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі С.Қорғанова мен орынбасары Қ.Анарбаев Қызылорда облысында болып, жергілікті Ассамблея жанындағы облыстық ғылыми-сарапшылық тобы мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Шымкент қаласында атқарылған жұмыстар таныстырылып, қоғамдық қатынастар саласындағы өзекті мәселелер жөнінде өзара пікір бөлісіліп, тәжірибе алмасылды.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топ тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-талдау органы болып табылады. Топтың негізгі міндеті — еліміздегі этносаяси, әлеуметтік-экономикалық және конфессиялық даму үрдісін сараптау, аталған процестің дамуына болжам жасау.

Қалалық топ мүшелері жалпыазаматтық бірлік құндылықтары шеңберінде 17 ғылыми кеңес, конференция, ғылыми симпозиум, эксперттік кеңес, т.б. ғылыми жиындарға сарапшы ретінде қатысқан. Елдегі саяси өзгерістер, шешімдер, реформалар бойынша 19 эксперттік пікірлер электронды, баспа БАҚ-да, әлеуметтік желілерде жарияланды.

Сонымен қатар, қалалық ҚХА қызметі жөнінде 5 монография, 7 ғылыми мақала, 3 әдістемелік құрал жарық көрді. ҚР АҚДМ әзірлеген 36 атаулы әдістемелік құралдар бойынша ассамблея мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бүгінде топ мүшелері тарапынан «Әлемдік интеграциялық үрдіс дамуының негізгі тенденциялары мен заңдылықтары», «Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат», «Эмпирикалық теория және демократия модельдері» тақырыптарында арнайы дәрістер мен лекторийлар өткізілді.Әлеуметтік желілерге «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» мақаласы жарияланып, «Салыстырмалы саясаттану» дәрістер жинағы жарық көрді.