АУДАН ПОЛИЦЕЙЛЕРІНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

169

Түркістан облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы бастығының орынбасары Д.Зияев пен осы басқарманың криминалисі А.Қоқымбаев, 2023 жылға арналған ұйымдастырушылық жоспары бойынша Сауран және Ордабасы аудандық полиция бөлімдеріне арнайы қызметтік іссапармен барды.

Кездесу кезінде тергеу, анықтау және жедел-криминалистика қызметкерлеріне тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды.Арнайы сабаққа қатысушылар оқиға орнына қарау жүргізудің мақсаттары, түрлері мен шарттары бойынша білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ заттай дәлелдемелерді алу әдістерімен, криминалистикалық сараптама мен зерттеулерді тағайындаумен толығырақ танысты.

Сонымен қатар ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес криминалистерге Жедел-криминалистикалық басқармасындағы «Полисфейс» жеке басты биометриялық сәйкестендіру жүйесінің жұмыс платформасының тиімділігі толық түсіндірілді.Жиын соңында полиция қызметкерлері алған кәсіби тәжірибелік білімдерін жоғары бағалап, жүргізілген сабақ үшін алғыстарын білдірді.