ПОЛИЦЕЙЛЕР 3 ТӘУЛІКТЕ БЕРЕШЕГІ БАР 60-ҚА ТАРТА ТҰРҒЫНДЫ АНЫҚТАДЫ
Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлеріне сот орындаушыларынан жыл басынан бері жалпы 121 тұлғаға қатысты іздеу қаулылары келген. Оның ішінде 111-і анықталған болса, соның 59 іздеу ісі бойынша құқық бұзушылардың мекенжайы жедел үш тәулікте анықталды. Бұл бойынша талапкерлер мен жеке сот орындаушыларына хабарлама беріліп, қысқартылды. Ал қалған іздеу істеріне қатысты жұмыстар жалғасуда.
Айта кетсек, тәртіп сақшыларымен төленбеген әкімшілік айыппұлы бар борышкерлер мен алимент төлеуден жалтарып жүрген тұрғындардан өндіру жұмыстары үздіксіз атқарылуда. Аталмыш мақсатта көші-қон қызметі полицейлерімен «Мигрант», «Заңсыз келуші» атты іс-шаралар өткізіледі.