СІРІҢКЕ ҚОРАБЫНА ЕСІРТКІ САҚТАҒАН ЕР АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

155

Полицейлерге Бәйдібек ауданында жергілікті тұрғынның бірі қолдануға тыйым салынған өсiмдiктердi сақтаумен айналысады деген хабарлама түсті. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары бірден хабарламаның шынайылығына көз жеткізу мақсатында, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Бәйдібектік полицейлердің жан-жақты тексеру жұмыстары нәтижесінде, күдікті тұрғынның жеке басы анықталды. Оның ауласындағы қорадан ішінде есірткіге ұқсас заты бар сіріңке қорабы табылып, айғақты зат ретінде алынды.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» тіркелді. Айғақты зат ретінде алынған есірткіге сараптама тағайындалды.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген өсімдік заты «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.