ОТЫРАРЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

267

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Сапар Бауыржан аудандарға қызметтік іссапармен шығып, жеке құраммен жиналыс өткізуде. Осындай кезекті кездесу Отырар аудандық полиция бөлімінде өтіп, жеке құрам қызметкерлеріне саптық тексеру жүргізілді.

Одан кейін мәжіліс залында тәртіп сақшыларының қатысуымен кездесу ұйымдастырылып, Отырар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ғани Құрманбеков кадр саясаты тобының 2023 жылғы 4 айындағы атқарған жұмыстарына баяндама жасады.

Сонымен қатар полиция полковнигі Б.Сапар жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шараларды айтып, қызметкерлерге қандай да бір құқық бұзушылықтарға мүлдем жол бермеуді ескертті.

Сондай-ақ алдағы уақытта қызметте атқарылуға тиісті жұмыстарға бағыт-бағдар берді. Полиция қызметкерлерін қашанда азаматтырымызға ашық, қол жетімді, министрліктің талабына сай қызмет атқаруға шақырды.