ПОЛИЦЕЙЛЕР АККУМУЛЯТОР ҰРЛАҒАН КҮДІКТІНІ АНЫҚТАДЫ

0
460

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі аккумулятор ұрлығы бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу оның “ВАЗ-21013” маркалы көлігінен аккумуляторын жымқырып, мүліктік зиян келтірген.

Оқиға орнына дереу шыққан жедел-тергеу тобы ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Осы іске бекітілген тергеуші полиция аға лейтенанты И.Пердехан шұғыл әрекет етіп, тиісті тексеру жүргізіп, зерттеу тағайындады.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары 1 тәулік ішінде күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің ауылдасы жергілікті тұрғын болып шықты. Тексеру кезінде күдікті бөтеннің мүлкін сатып жіберіп, ақшасын бас пайдасына жаратып жібергені белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Нәтижесінде іс заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.