ЖЕТІСАЙЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «ОТБАСЫ КҮНІНДЕ» ИГІ ІС ЖАСАДЫ

210

Бүгінгі мереке қарсаңында, Жетісай аудандық полиция бөлімінің тәртіп сақшылары қызмет бабында қайтыс болған полиция майоры Ғабит Айтымбетовтың отбасына арнайы барды. Кездесуде Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтің құттықтауын жеткізіп, бағалы сыйлығын табыстады. Жұлдызы ерте сөнген қызметтесінің ерлігін еске алды.

Сонымен қатар Жетісай қаласындағы жалғызбасты әже мен оның 2-сынып оқитын немересінің жағдайын сұрап қайтты. Аталмыш ақжаулықты анамызға азық-түлік апарып берді. Мереке кезінде өздерін елеп-ескеріп, сыйлық тарту етіп, құттықтаған полицейлерге Ғ.Айтымбетовтың отбасы пен әжей алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.