ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫ КҮНІНДЕ ПЕРЗЕНТХАНАҒА БАРДЫ

171

«15 мамыр Халықаралық Отбасы күні» мерекесі қарсаңында, Төлеби аудандық полиция бөлімінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Ақмарал Боташева, әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Қуаныш Омаров, аурухана мен емхана қызметкерлері бірлесіп, ерекше шара ұйымдастырды.

Яғни аталған мекеме қызметкерлері Төлеби аудандық ауруханасында сәбилі болған 8 ана мен Леңгір қалалық ауруханасындағы жаңа босанған 4 қыз-келіншекті мерекемен құттықтады. Сыйлықтар үлестіріп, нәресте мен аналарына ақ тілектерін жеткізді: «Мерекеге толы мамыражай мамыр айында дүние есігін ашқан сәбилеріміз туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын!

Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!»-деп ізгі ниеттерін білдірді. «Отбасы күнінде» өздеріне тарту жасалып, көрсетілген құрметке жас аналар ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.