СУ АЙДЫНДАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

270

Жаздың аптап ыстық күндерінде су айдындарында су шомылуға келген адамдардың қатары артатыны белгілі. Жан рахатын іздеп келген азаматтардың көпшілігі кейде суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін естен шығарып жатады. Ал бұл жағдайдың соңы қайғылы жағдайға әкеліп соқтырады.

Осы орайда аудан аумағында суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен аудандық полиция бөлімдері бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес рейдтік іс-шарасын өткізіп, балаларды өз еркімен су жағалауларына жібермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аралау барысында аудан аумағындағы Д.Алтынбеков каналы, Арыс және Сырдария өзендерінің бойында суға түсуге тыйым салынған орындарда жүрген 27 тұрғын анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 364 бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 40-тан аса азаматтарға судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы ескертілді.

Сонымен қатар жасөспірімдермен ата-аналарға белгіленбеген орындарға суға шомылуға тыйым салынып және жасөспірімдерге шомылу кезінде қатаң түрде қауіпсіздік іс-шараларын ескерте отырып, жадынама парақшалары таратылды.