ЖАС САРБАЗДАР АТА-АНАЛАРЫМЕН ҚАУЫШТЫ

171

Ауданда әскер қатарына шақырылған жас сарбаздарды туған-туыстарымен қауыштыру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Салтанатты шараның ашылуына аудан әкімінің орынбасары А.Қозыбаев арнайы қатысып, жүрегінде намыс оты ұшқындаған жас сарбаздарды жігерлендіріп, алғы сөз сөйледі.

Жүрегі «Отаным» деп соққан 128 нағыз патриоттарды аудандық шекара басқармасы ерекше қарсы алып, оларға арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Іс-шарада жас арбаздарға арнап патриоттық рухта аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен басқарманың өнер майталмандары тамылжыта ән салды.

Айта кетсек, аталған сарбаздар ағымдағы жылдың көктем мезгілінде отан алдындағы борыштарын өтеу үшін әскерге шақырылған болатын.

Отан алдындағы борыштарын өтеуге келген жас шекарашылардың негізгі міндеті — сай тасындай сапқа тұрып, шекараны қас қақпай күзету.