ЖЕКЕ БАСТЫ КУӘЛӘНДЫРАТЫН ҚҰЖАТЫ ЖОҚ ТҰРҒЫН ҚҰЖАТТАНДЫРЫЛДЫ

182

Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы азаматтарының құжаттарын рәсімдеу немесе азаматтығы жоқ тұлғаларды куәландыру үшін мәртебесі реттелмеген адамдарды анықтау мақсатында ұдайы жұмыстар атқарылып келеді.

Маусым айында ауданда туылғалы жеке төлқұжаты болмаған азаматша анықталып, өзінің жазбаша арызы негізінде оның жеке басын анықтайтын жеке куәлігін аз уақыт ішінде дайындап, құжаттандыру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, Шұбарсу ауылының 50 жастағы тұрғыны ҚР жеке куәлігімен құжаттандырылды. Өз кезегінде тұрғын полицейлерге қатысты арыз-шағымы жоғын жеткізіп, алғысын білдірді.

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындардың жасына, әлеуметтік статустарына қарамастан мүмкіндігінше көмектесіп, құжаттары жоқ, жаңартуды қажет ететін құжаттарын заң талаптарын сақтай отырып, жаңартып, қайта жасап беруде.