ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС БОКСШЫЛАРЫ БІР АПТАДА 6 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

317


Черногорияда бокстан жастар арасында 22 мемлекеттің қатысуымен Әлем кубогі өтті. Байрақты додада еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының спортшылары жарады. 67 келіде өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан мен 75 келідегі Шұғыла Нәлібай алтыннан алқа тағып, жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлады.
Байрақты додада өңір мерейін асқақтатқан жастар – Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылғын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері. Аталған спорт мектебінен 3 спортшы қатысып, 2-еуі алтын жүлдемен оралды. Тартысты жекпе-жектер нәтижесінде Төрехан Сабырхан «Ең үздік боксшы» сыйлығына да ие болды.
Тараз қаласында бокстан жасөспірімдер арасында ҚР аймақтық чемпионаты өтті. Түркістан облысының №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен 9 спортшы қатысып, 4 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды. 35 келіде Аян Жандосұлы топ жарса, 37 келіде Аңсар Үсенхан, 40 келіде Жұмағали Нұрмахан, +70 келіде Жәдігер Мүсірәлі чемпион атанды. Қуаныш Халимбет пен Әділет Ералы күміс жүлдегер атанса, Ескендір Молдаш қола медальға ие болды.